Үндістанда әскери бекетке шабуыл жасалды
Үндістанның Пәкістанмен шекаралас Панжаб штатындағы әскери бекетке шабуыл жасаған қарулы топ әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олардың кім екені белгісіз. Қаскүнемдер кеше таңғы 4:30-да оқ жаудырып, 4 адамның өмірін қиған. Билік бұл шабуылды лаңкестік әрекетке жатқызбайтынын мәлімдеді. Бекетте негізінен әскерилердің отбасы тұрады.