ChatGPT зағип жандарға көмектеседі
Жасанды интеллекті бар чат-бот тұтынушылардың сұрақтарына жауап береді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл үшін адам керек затты суретке түсіріп алады. Ал бағдарлама оның түр-түсін айтады. Әсіресе тамақ дайындау немесе саябақта серуендеу кезінде қолайлы. Тағамды қанша уақыт пісіруім керек деген секілді кез келген сұраққа жауап береді.