«Ильза» дауылы Австралияға жетті
«Ильза» дауылы Австралияның солтүстік-батыс жағасына жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Желдің қуаты 4-санатқа дейін күшейген. Ал екпіні кейбір жерде сағатына 270 шақырымнан асуы мүмкін, - дейді мамандар. Әсіресе Порт-Хедләнд және Брум қалаларының тұрғындарына қиын соқпақ. Қазірдің өзінде 2 шаһардың арасындағы тасжол жабылды. Сондай-ақ метеорологтар дауыл соңы жауын-шашын және тасқынға ұласатынын ескертті. Көптеген тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.