Бейжіңді құмды дауыл басты
Бейжіңді тағы да құмды дауыл басып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір алып шаһарда жолда жүру, айналаны көру мүмкіндігі айтарлықтай нашарлаған. Адамдардың тыныс алуы да қиындаған. Әзірге табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер туралы ақпар жоқ.
Жалпы, 21 млн тұрғыны бар қалада құмды дауылдың соғуы сирек кездесетін құбылыс емес. Жыл сайын наурыз-сәуір айларында жиілей түседі. Бұған шаһардың Гоби шөліне жақын орналасуы мен солтүстіктегі ормандарды отау себеп.