Пхеньян Сеулмен хабарласпай қалды
Солтүстік Корея тағы әлем назарында.
Ресми ПхеньЯн Шығыс теңізіне қарай баллистикалық зымырандарын ұшырды. Осыдан кейін Оңтүстік Корея әскері, жоғары жауынгерлік жағдайына көшірілген. Жапонияда эвакуация жарияланды. Ал АҚШ "БҰҰ-ның, қарары бұзылғанын" мәлімдеді.
Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея әскерилері күн сайын бір-біріне хабарласып тұратын. Алайда осымен алтыншы күн Пхеньян байланысқа шықпай қойған. Қоңырауларға жауап бермеген. Сөйтіп бүгін таңертең Жапонияның жағалау күзеті зымыран ұшырылығанын хабарлады. Күншығыс елінің қорғаныс министрлігі өкілдерінің айтуынша, ол құрлықаралық баллистикалық зымыран болған. Осыдан кейін Хоккайдо аралында эвакуация жарияланды. Билік тұрғындарды бомабадан жасырынатын орындарға не метроға тығылуға шақырды. Өйткені баллистикалық зымыран құлауы мүмкін деп қорыққан. Алайда кейіннен ондай қауіп жоқ екені белгілі болды. Десе де Пхеньянның бұл әрекеті біраз дүрбелен туғызған. Дабыл жүйесі қосылды. Пойыз қозғалысы тоқтады. Автомагистральдар жабылды. Кемелердің суға шығуына тыйым салынды.
БЛИЦ
- Дабыл жүйесі қосылғанда мен пойызда болған едім. Басында қорқып кеттім. Бірақ станция қызметкерлері бізді сабырға шақырып, өз-өзіме келдім.
- Алғашында не болып жатқанын түсінбей абдырап қалдық. Мен жер сілкінісі не темір дол апаты боғлан екен деп ойладым.
Ресми билік те соңғы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
Хирокадзу Мацуно, Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы:
- Бүгін таңертең Солтүстік Корея құрлықаралық баллистикалдық зымыранын ұшырды. Ол дабыл жүйесін іске қостық. Бірақ кейіннен белгілі болғандай, ол Жапония аумағына құлаған жоқ. Пхеньянның бұл әрекеті өңірдегі қауіпсіздікке қатер төндіреді. Біз Қытайдағы елшілік арқылы Солтүстік Кореяға наразылық нотасын жолдаймыз.
Солтүстік Кореяның әрекетін америкалықтар да қатаң сынға алды. АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілдері бұл БҰҰ-ның бірқатар қарарын бұзатынын айтты. Пхеньянның оңтүстіктегі көршісі де осындай пікір танытып отыр.
Пхеньянның әрекеті сынға алынды
Ли Сон Джун, Оңтүстік Кореяның штаб басшылары бірлескен комитетінің баспасөз хатшысы:
- Оңтүстік Корея әскерилері орта қашықтыққа арналған биллистикалық зымыранның Шығыс теңізіне қарай ұшырылғанын анықтады. Ол мың шақырымды еңсерген. Қазір Оңтүстік Кореяның арнайы қызмет өкілдері мен біздің америкалық әріптестеріміз оқиғаның мән-жайын анықтаумен айланысып жатыр.
Солтүстік Корея өкілдері әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Сарапшылар бұл әрекетті Оңтүстік Корея мен АҚШ әскерилерінің ортақ оқу-жаттығуларына жауап ретінде жасалған болуы мүмкін деп пайымдап отыр. Өйткені бірлескен іс-шарадан кейін Солтүстік Корея бірнеше рет баллистикалық зымыранын ұшырған. Бұдан бөлек ядролық сүңгуір қайықтың қатысыумен оқу-жаттығулар да өткізген. Бұл жолғы сынақ әскери жерсеріктің ұшырылуына дайындық жұмыстары болуы да мүмкін. Пхеньян оны сәуірде орбитаға шығарады деген болжамдар айтылған. Жалпы Солтүстік Корея жыл басынан бері құрлықаралық баллисткалық зымыранын 16-рет ұшырып отыр. Былтыр ондай сынақ саны 40-қа жуықтап, рекордтық көрсеткішке жеткен.