Йеменде тұтқындарды алмастыру шарасы басталды
Халықаралық Қызыл Крест ұйымы Йеменде тұтқындарды алмастыру шарасын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл елдегі ұзақ уақытқа жалғасқан жанжалда ондаған мың адам қаза тауып, миллиондаған адам ашаршылық зардабын тартты. 2014 жылы Иранның қолдауына сүйенген хуситтер көтеріліске шығып, ел астанасы Сана қаласы мен ауқымды ауданды басып алған болатын. Ал 2015 жылы Сауд Арабиясы бастаған коалиция бүлікшілерге қарсы әскери қимыл бастаған. Алайда қос тарап та содан бері айтарлықтай жеңіске жеткен жоқ. Биыл Қытайдың арағайындығымен Иран мен Сауд Арабиясы дипломатиялық қарым-қатынастарын қалпына келтірді. Өткен айда жауласқан тараптар Швейцарияда келіссөз жүргізіп, 887 тұтқынды босатуға келіскен.