Францияда зейнеткерлік реформаға қарсы наразылық басылмай тұр

Францияда зейнеткерлік реформаға қарсы наразылық басылмай тұр.

Заңды Конституциялық кеңес талқылаған соң бейбіт шеру қақтығысқа ұласты. Оған осы органның заңды конституцияға сай деп шешіп, бекітуі себеп.

Осылайша Кеңес 3 айға созылған толқуларға қарамастан зейнет жасын 62-ден 64 жасқа дейін ұлғайту заңды деп тапқан. Енді кәсіподақтар халықты мамыр айының басында жаппай шеру өткізуге шақырып жатыр.

Айта кетейік, француз үкіметі бұл құжатты өткен айда парламенттің талқылауынсыз қабылдаған. Бірақ зейнеткерлік реформаға халық үзілді-кесілді қарсы.

Софи Бине, CGT кәсіподақтары бірлестігінің бас хатшысы:

- Біздің талабымыз айқын. Біз мемлекет басшысын жауапкершілікке шақырамыз. Президент халықтың талабына құлақ асып, оны түсіне білуі қажет. Біз оның бұл реформа арқылы нені меңзеп отырғанын жақсы білеміз. Бірақ ол елде осы өзгерісті қалап отырған тек өзі ғана екенін білгені жөн.

Парижде тәртіпсіздіктерге байланысты 130 адам қамауға алынды. Кәсіподақтар елде болып жатқан барлық толқуларға билік жауапты дейді. Жұмысшылар одақтары Кеңестің шешіміне қарамастан заңның күшін жою үшін күресті жалғастыра бермек.