Акробат өзен үстімен арқанмен жүріп өтті

Цирк артисі Дунай өзенінің үстімен тартылған арқанмен жүріп өтті.

Бір таңқалатыны ол ешқандай қауіпсіздік құралдарын қолданбаған. Сөйтіп 22 минутта 280 метрден өткен. Ал бұған дейін Дунайды бұлай ешкім кесіп өтпеген екен. Жүрек жұтқан ер адамның өнерін тамашалауға мыңдаған адам жиылды. Ал артистің өзі 63 жаста. Ол бұл ерлігін Венгриядағы үш бірдей айтулы оқиға: Венгрияда халықаралық театр олимпиадасының басталуы, Халықаралық цирк күні және кезінде екіге бөлінген ел астанасының бірігуінің 150 жылдығына арнаған.