Судан толығымен интернетсіз қалды

Бүкіл Судан аумағы интернетсіз қалды.

Шығыс Африкадағы бұл елде осымен бірнеше күн қарулы қақтығыс жүріп жатыр. Әскерилер мен жедел әрекет ету жасағы шабуылға бірін бірі айыптауда. Атыс-шабыстан 60-қа жуық адам қаза тапты. Тағы 500-ден астамы жараланды. Қазір мемлекеттік мекемелер де, мектептер де жұмыс істемейді. Халықаралық ұйымдар мен өзге елдер тараптарды келіссөзге шақырып отыр.