Францияда мектептегі буллингпен күрес күшейді
Францияда мектептерде буллингтің алдын алу үшін арнайы мамандар даярланады.
Бағдарлама 2 жыл бұрын қолға алынған. Соның аясында білім ордасында әлімжеттік жасағандарға қылмыстық жаза енгізілді. Енді қол салуға итермелеген оқушы 10 жылға дейін сотталады және оның ата-анасына 150 мың еуро айыппұл салынады. Сондай-ақ дене және психологиялық жарақат салғаны үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұрын буллингке ұшыраған оқушы мектеп ауыстыруға мәжбүр болатын, енді қиянат жасағандар мектептен кететін болады.
Пап Ндиайе, Францияның Ұлттық білім беру министрі:
- Біз тәрбие жұмысын жүргізгенде жағдайға қараймыз. Әлімжеттік жасаған балаға қолданылатын шараның жеңіл немесе қатал болуы басқа балалардың өмірі мен денсаулығына тигізген зардабына, қауіп-қатеріне байланысты болады. Бетімен кеткен баланы ата-анасының келісімінсіз басқа мектепке ауыстырамыз.