Ең үлкен лағыл Нью-Йоркте аукционға шығарылады
«Сотбис» сауда үйі әлемдегі ең үлкен лағылды бәссаудаға шығарады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шара маусым айында Нью-Йоркте өтеді. Саламағы 55 караттан асатын лағыл Гонконгтегі көрмеде көрсетілді. Асыл тас былтыр Мозамбиктегі кеннің бірінен табылған. Аукцион үйі асыл тас 30 миллионнан аса долларға сатылады деп бағалап отыр.
Бұған дейін ең үлкен лағыл 2015 жылы Женевада 30 млн 300 мың долларға сатылған еді. Оның салмағы 25 караттан сәл асқан.
Уни Ким, Sotheby's сауда үйінің өкілі:
- Бұл лағыл «Эстрела де Фура» деп аталады. Португал тілінен аударғанда «Фура жұлдызы» дегенді білдіреді. Ол кеннен алғаш қазып алынғанда салмағы 101 карат болған. Кейін қырлап, өңделген соң жастық пішінді өте әдемі лағылға айналды.