Нигерияда ел ішіне ұшақтар қатынамай қалды
Нигерияның Лагос қаласындағы әуежай қызметкерлері екі күндік ереуіл жариялап, ішкі рейстер тоқтап қалды.
Соның салдарынан жолаушылар діттеген жеріне жете алмай отыр. Компаниялардың жұмысшыларға жалақы төлемеуі наразалық тудырды. Жергілікті Авиация министрлігі мәселені тез арада шешуге күш салатынын мәлімдеген. Бірақ жұмысшлар үкімет уәдесінде тұрмаса ай соңында тағы ереуілге шығатынын ескертті.