Суданда АҚШ дипломаттарына оқ атты

Суданда АҚШ дипломаттарының көлігіне оқ атылды.

Бұл туралы Жапонияда "Үлкен жетілік" елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен мәлімдеді. Бұған дейін Хартумдағы Еуроодақ елшісі, Ирландиялық дипломат Эйдан О'Хараға шабуыл жасалған болатын. Суданда 3 күннен бері  әскер мен "Тез қолдау көрсету күштері" жасағы арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы қақтығыстан 180-нен астам адам қаза тапты деп хабарлады. 1800-ден астамы жарақат алған. Арасында бейбіт тұрғындар көп.

Энтони Блинкен, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:

- Кеше біздің дипломаттардың көлігіне оқ атылды. Біздің адамдар дін аман. Бұл ақылға сыймайтын, жауапсыз және өте қауіпті әрекет.