Эквадордан ежелгі маржандар табылды
Галапагос аралдарында ежелгі маржандар табылды.
Бұған дейін олар ғалымдардың назарынан тыс қалып келген. Бұл туралы Эквадордың Қоршаған орта министрі мәлімдеді. Зерттеушілер аталған жәндіктерге бірнеше мың жыл болғанын айтады. Маржандар мекендейтін жартастың ұзындығы 2 шақырымға, ал тереңдігі 400 метрге жетеді. Бұл жәндіктер әдетте жылы суда пайда болады.