Кот-д'Ивуар әскери теңіз күштері қарақшылар тонап кеткен кемені тапты
Кот-д'Ивуар әскери теңіз күштері, қарақшылар тонап кеткен кемені тапты.
Сингапур байрағы бар танкер 10 сәуірде шабуылға ұшырағанын хабарлады. Кейін онымен байланыс үзіліп кетті. Кемеде 20 экипаж мүшесі болған. Кот-д'Ивуар және Франция әскери кемелері мен ұшақтары, танкерді бірнеше күн іздеген. Қазір кеме Абиджан теңіз айлағынан жеткізілді. Теңіз қарақшылары танкерді басып алғаннан кейін, бүкіл байланыс құралдарын бұзып, экипажынан, ұялы телефондарын тартып алыпты. Кейін 5 мың тонна дизель отынын ұрлап әкеткен.