Екпенің пайдасы зор
Коронавирус пандемиясы кезінде вакцина Еуропа мен бұрын Кеңес одағының құрамында болған елдерде миллионнан аса адамның өмірін сақтап қалды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай мәлімет таратты. Зерттеу 26 мемлекетте жүргізілген. Ажалдан қалғандардың дені - жасы 60-тан асқан адамдар. Демек осал топқа кіретіндер. Вирус өршіген тұста осы қарт кісілермен қатар созылмалы ауруы бар науқастар мен медицина қызметкерлеріне бірінші кезекте екпе салынған еді.