Испанияда науқастар дәрігерді жарты жыл күтеді
Испанияда операция жасатуға кезек күткен адам саны 800 мыңнан асып кетті.
Бұл - кейінгі үш жылда болмаған жағдай. Науқастар дәрігерді шамамен жарты жыл күтуге мәжбүр.
Енді бұған наразы жұрт Мадрид көшелеріне шығып, министрдің отставкаға кетуін талап етті.
Митинггке ресми ақпарат бойынша - 200 мың, ал бейресми мәліметтер 700 мың қатысты деседі. Қалай болғанда да Мадрид көшелерінде тұрғындардан бөлек, медицина саласының қызметкерлері де белсенді болды. Барлығының талабы бір - сала түбегейлі жаңа реформаға мұқтаж. Еңбекақының 45 процентін салыққа беретін ел тұрғындары сапалы медицинаға мұқтаж.
Блицы:
- Дермотологқа жазылғанмын, ал кезегім бір жылдан кейін ғана келеді.
- Дәрігерімді көрмегеніме екі жыл болыпты. Бұл жүйе бізді шаршатты.
Ереуілшілер алаңға өлі адамның сұлбасын бейнелейтін қуаршақты алып шығыпты. Бұл дәрігерге кезегіміз келгенше “мәйітке” айналамыз дегенді меңзейді. Себебі профильді маманның қабылдауын жоқ дегенде 95 күн, пластикалық хирургті 242 күн, ал нейрохирургты 203 күн күтуге тура келеді.
Патрисия Гомес, Денсаулық министрінің кеңесшісі:
- Пандемия кезінде дәл осы дәрігерлердің арқасында аман қалдық. Сондықтан түсіністікпен қарау керек. Елде он мыңнан астам дәрігер жетіспейді. Кезек күту сондықтан ұзақ. Жеке клиникалардан маман тарту жағын қарастырып жатырмыз.
Тегін медицинаға кезек көп, сондықтан испандықтардың басым бөлігі ақылы медициналық сақтандыруды рәсімдейді. 35 жасқа дейінгі тұрғынға арналған базалық медициналық сақтандырудың бағасы 50 еуро, ал алпыс бестен кейін бұл сақтандыру 200 еуроға қымбаттайды.
Авторлары: Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач