Үндістан адам саны бойынша Қытайды басып озды
Үндістан адам саны бойынша Қытайды басып озды.
"Уорлд Популейшн Ревью" ұйымының сайтындағы мәліметке сәйкес, елде 1 миллиард 425 миллион 943 мың адам тұрады. Ал шығыстағы көрші елде ол 200 мыңға кем. Үндістанда кейінгі уақытта жастар саны артып келеді. Тұрғындардың шамамен жартысы - жасы әлі 30-ға толмағандар. Бұл ел экономикасының дамуына оң әсер етеді. Ал Қытай халқы керісінше қартайып барады. Сол себепті экономикаға күш түскен. Өйткені жұмысшы азаяды. Бұлай кете берсе 2100-жылы көрші елде еңбекке қабілетті 100 адамға 120 қарттан келеді деген болжам бар.