Латвияда ең төменгі жалақы өседі
Латвияда ең төменгі жалақының көлемі 24 пайызға өседі.
Бұл ЕуроОдақтағы ең жоғары көрсеткіш болмақ. Бірақ тұрғындар бұл жеткіліксіз дейді. Өйткені былтыр 20 пайыз болған инфляция биыл тағы да бағынбай барады. Осының алдында ЕуроОдақ айлықтың ең төменгі шегін белгілеуге негіз болатын құжат қабылдаған еді.