Италияда Ежелгі Рим жәдігерлерінің көрмесі ашылды
Жұрт назарына жүздеген көне зат ұсынылды.
Олардың арасында түрлі құмыра, мүсіндер, біздің заманымызға дейінгі 10 ғасырда өмір сүрген адамның қаңқасы және басқа да таңсық дүниелер бар. Жәдігерлерді көру экскурсиясының ұзақтығы 1,5 сағат. Көрме келушілерді шілде айына дейін қабылдайды.
Альфонсина Руссо, Колизей археологиялық паркінің директоры:
- Көрмеге қойылған бұл заттар ұзақ жылдар бойы біздің қоймаларда сақталған. Бұған дейін қалың көпшілікке көрсетілмеген еді. Бірақ олардың бәрін қайта тізімдеп жатырмыз. Олардың жалпы саны жүзден асады. Бәрін қойғанда, орналасқан аумағы 47 гектарды қамтиды.