Starship зымыраны қайта ұшырылады

SpaceX Starship зымыранын ұшыруға тағы да талпыныс жасалады.

Бұл ғарыш кемесі Марсқа жіберілуі керек. Бірнеше күн бұрын ұшуы тиіс еді, бірақ зымыран тасығыштың жанармай багындағы қысым тетігінен ақау шығып, кейінге шегерілді. Ғарыш кемесінің ұзындығы 120 метрге жуықтайды. Бұл әзірге әлемдегі ең үлкен зымыран. Жоспарланған сынақ адамның қатысуынсыз өтеді. Құрал Жерді бір айналып өтпек. Сосын Гавай аралының маңында Тынық мұхитына түсіріледі.