Суданда атысты тоқтату туралы келісімді қайта бұзылды
Суданда атысты тоқтату туралы келісімді қайта бұзылды. Бұл туралы осы елдің Қарулы күштерінің ресми өкілі мәлімдеді.
Оның айтуынша шара гуманитарлық маққсатта қолға алынбақ болған. Алайда Жедел әрекет ету жасақатры әскери қимылдарды жалғастырып, уағдаластық жүзеге аспай қалған.
Абдель Хаммуд Хаммад, Судан Қарулы күштері штабы басшысының орынбасары:
- Біз тұрғындарға ауызсу мен азық-түлік жеткізіп, дәрігерлік көмек көрсету үшін атысты тоқтатуға келіскен едік. Бірақ Жедел әрекет ету жасақтары уағдаластықты бұзып, шараға кедергі келтірді. Біз бір-екі күннен кейін Хартумды азат етеміз. Қазір елдің бірде бір штатында бұл жасақтың күштері қалған жоқ.
Суданда Қарулы үштер мен Жедел әрекет жасағы арасында қақтығыс бір аптадан бері жалғасып келеді. Мәліметке қарағанда әскери қиымлдардан 400-ден астам адам қаза тауып, 4 мыңға жуық тұрғын жараланған. Мыңдаған аадам көрші елге бас сауғалаған. Бірқатар мемлекет азаматтарын эвакуациялай бастады.