Калифорнияда қойылым кезінде өрт шықты

Диснейлендте өрт шығып, ойын-сауық орталығындағы адамдар шұғыл эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Калифорния штатында саябақтағы түнгі шоу кезінде болған. Мұнда келушілерге өнер көрсетіп жатқан айдаһар тұрған сахна өртенген. Зардап шеккендер жоқ. Оттың неден тұтанғаны белгісіз. Оқиға болған аумақ уақытша жабылды.