Британия Суданнан азаматтарын алып шықты
Ұлыбритания Судандағы дипломаттары мен олардың отбасыларын эвакуациялады.
Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Риши Сунак хабарлады. Операцияға 1 мыңнан аса сарбаз жұмылдырылған. Елден алып шығарылған дипломаттар аймақтағы басқа мемлекеттерге орналастырылған. Суданда бір аптадан бері осы елдің Қарулы күштері мен Жедел әрекет ету жасағы арасында қарулы қақтығыс жалғасып келеді. Әскери қимылдардан 400-ден астам адам қаза тауып, 3,5 мыңнан аса тұрғын жарақат алған. Өзге елдер де азаматтарын шұғыл эвакуациялауға кірісті.