Еуроодақ аумағында жыл сайын ластанған ауадан 1200 бала көз жұмады

Қоршаған орта жөніндегі Еуропалық агенттік осындай мәлімет келтірді.

Ауаның ластануы аналардың денсаулығына және балаларға тікелей әсер етеді. Шала туған балалар көбейіп, сәбилер созылмалы дертке ұшырауы мүмкін, - дейді мамандар. Қазір Еуроодақ тұрғындарының 90% ауаға тарайтын зиянды заттардан зардап шегіп отыр. Әсіресе Орталық және Шығыс Еуропада жағдай нашар.