Италиядағы өзен құрғап барады

Италиядағы ең ірі өзен – Поға тағы да  қауіп төнді.

Бұл туралы жергілікті климат және қорғашан орта жөніндегі агенттік мәлімдеді. Қазірдің өзінде өзен суы кейінгі 30 жылда болмаған деңгейге төмендеп кеткен. Ал оның кесірі жақын маңдағы елді мекен тұрғындарына тиіп жатыр. Егістікке қажетті суды Подан алатын шаруалар енді не істерін білмей отыр. Өзенннің таяздануынан круиздік саяхат ұйымдастырушы компаниялар тапсырыстың бәрін кейінге қалдырған.