Қайрат Сарыбай Азия кеңесін трансформациялауды ұсынды

Қазіргі жаһандық жағдайда Азия кеңесінің рөлін арттыру маңызды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы орайда кеңесті трансформациялау ұсынылды. Анкарада түрік БАҚ өкілдерімен кездескен халықаралық ұйымның бас хатшысы, елші Қайрат Сарыбай осылай деді. Оның айтуынша, Түркия Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің жұмысына үлкен мән береді. Өзге елдер де осы ұстанымда болса, ұйымның әлеуеті өсіп, беделі артпақ.

Қайрат Сарыбай, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас хатшысы:

- Жалпы мұнда келгеніміздің 2 мақсаты бар. Түркия Сыртқы істер министрлігінде Азия кеңесінің трансформациялау үрдісін қалай әрі қарай жүргізетінімізді кеңесу, ақылдасу, сондай-ақ екінші мақсат Азия кеңесі мен Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы аясында әріптестік орнатылған болатын. Сондықтан ТүркПА өкілдері біздің жиындарымызға, біз олардың жиындарына қатысып отырамыз.