Қытайда панданың баласы көпті қылығымен тәнті қылды

Қытайда алып панданың баласы өзінің қылығымен көпшілікті тәнті қылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Джиран» атты аю хайуанаттар бағында тәрбиешісін көрген бетте мойнына асыла жөнеледі. Оқиға Сычуань провинциясындағы Чэнду қаласында орналасқан пандаларды зерттеу орталығында болды. Панда баласы былтыр дүниеге келді.