Өзбекстанда Конституциялық референдум өтіп жатыр

Өзбекстанда Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өтіп жатыр.

Түзетулер Заңның 65 пайызын қамтиды. Атап айтқанда, жерді жекеменшікке беру, өлім жазасын алып тастау, сондай-ақ, президенттік мерзімді 5 жылдан жеті жылға дейін ұзарту мәселелері бар. Конституцияға өзгеріс енгізілсе, қазіргі президент қайта сайлануға құқылы болады. Референдумның алғашқы нәтижелері ертең жариялануы тиіс.