Алғашқы қайырымдылық көмек Суданға жетті

Халықаралық Қызыл Крес комитеті қайырымдылық көмектің алғашқы жүгін Порт-Суданға жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауруханаларға қажетті дәрі-дәрмекті қауіпсіз көлік дәліздері ашылғаннан кейін тасымалдайды.

Суданда Қарулы күштер мен Жедел әрекет ету жасағы арасындағы қақтығыс 15 сәуірден бері жалғасып келеді. Әскери қимылдардан 500-ден астам адам қаза тауып, 4 мыңға жуық тұрғын жараланған. Мыңдаған адам көрші елге бас сауғалап кетті. Қақтығыстардың кесірінен ауруханалар жабылып, азық-түлік пен ауызсу таусыла бастады.