Ұлыбританияда Үшінші Чарльз патшаға тәж кигізу жорасына дайындық қызу

Ұлыбританияда Ұлыбританияда Үшінші Чарльз патшаға тәж кигізу жорасына дайындық қызу өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда патшалық пен Ұлттар достастығына мүше мемлекеттер сарбаздарының бас репетициясы өтті. Таққа отырғызу салтанатына мыңдаған әскери қатысады. Шараны өткізу үшін тіпті Ирак, Кения және Эстонияда қызмет атқарып жүрген жауынгерлерді кері қайтарып алды.