Қытайда мереке күндері ел ішіндегі туризм қарқын алды
Қытайда еңбекшілер күніне орай ел ішінде саяхаттаушылар көбейген.
Кеше Бейжің маңындағы әйгілі Қытай қорғанының бір бөлігін 14 мың адам барып көрді. 5 күнге созылатын мерекеге байланысты жолаушылар қарасы да артқан. Кеше жолға шыққан тұрғындардың саны 57 миллионға жетті.
Ван Инли, тұрғын:
- Қорғанның осы Мутьяньюй деп аталатын бөлігін көру үшін арнайы келдім. Бұл жерде бүгін адам аз болатын шығар деп ойлағам. Бірақ таңертең 8-де шыққаннан кешкі 5-те әзер жеттім. Саяхатшылар өте көп.