Қазақстан халқының бірлігі күні Мәскеуде тойланды
Қазақстан халқының бірлігі күні Мәскеуде де аталып өтті. Мерекелік іс-шара халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Қазақстан павильонында ұйымдастырылды.
Қазақстан павильонындағы мерекелік бағдарлама кішкентай әртістердің флешмобынан басталды. Олар мәскеуліктерге Қазақстандағы сан алуан дәстүр салтты, елдің мәдениетін көрсетті. Мерекелік шараға Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің балалар шығармашылық ұжымы, мәскеулік домбырашылар ансамблі, сондай-ақ танымал әншілер келген.
Әйгерім Сүйіндікова, концерт ұйымдастыру комитетінің мүшесі:
- Бүгінгі салтанатты кешіміз, салтанатты концертіміз мерекелік 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдыастырылған. Балалар үшін бұл мереке өте ерекше. Өйткені үйін сағынады, елін сағынады. Біздің мемлекетте 150-ден астаам халық тұрады. Олар басқа халықтардың мәдениетімен тұрмысымен танысты. Көп нәрсе білді.
Мереке күндері мұнда қазақ тілі мен тоғыз құмалақ, асық ату сияқты ұлттық ойындардан шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Ал «Қазақстан» павильоны белсенді мәдени-ағарту бағдарламасы үшін халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алтын белгісімен марапатталды.
БЛИЦ:
- Өте ұнады, балалар үшін аса қызықты болды.
- Қазақстан павильонных әдейі келдік. Қызықты шара болатынын алдын ала білдік.
- Қазақстан халықын үлкен мейраммен құттықтаймын! Халқына саулық, достық, бірлік тілеймін! Соғыс болмасын, тыныштықта өмір сүрейік!
Қазақстан павильоны осы көрмеде халық ең көп жиылған орын. Көрме өкілдерінің айтуынша, жұмыс күндері мұнда 3-4 мың адам келеді. Ал мереке кезінде отыз мыңға дейін жетеді.
Дана Нұржан, Шахзод Гамиров