АҚШ-та міндетті вакцинациялау күшін жойды

АҚШ 12 мамырдан бастап елге келуші шетелдіктер үшін коронавирусқа қарсы вакцина алу міндетін алып тастайды.

Бұл талап 2021 жылдың күзінде енгізілген болатын. Былтыр Ақ үй басшысы инфекцияға байланысты енгізілген төтенше жағдай режимінің күшін жойды. Өйткені ковид жұқтырған саны күрт қысқарған.