Британияда біреу монарх тұрған сарайдың алдына оқ лақтырды
Букингем сарайында оқыс оқиға тіркелді.
Бір ер адам ғимарат алдына бірнеше оқ лақтырғаны белгілі болды. Дәл осы мезгілде Карл III ғимарат ішінде болған. Полицияның дерегі бойынша күдікті ұсталып, қазір тергеліп жатыр. Оның қолында тағы бір сөмке болған екен. Әзірге істің мән-жайы анықталып жатыр. Қазір оқиғаға байланысты Букингем сарайы уақытша жабылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Айта кетейік, Карл III-тің салтанатты ұлықтау рәсімі мамырдың 6-сына жоспарланған.