Сербия мен Косовоның келіссөзі нәтижесіз аяқталды
Сербия мен Косово басшыларының арасындағы келіссөз нәтижесіз аяқталды.
Кездесу Еуроодақ араағайындығымен өткен еді. Басқосуда сербтер көп тұратын Косовоның солтүстік аймақтарындағы ахуал қарастырылған. Бірақ Приштина бұл өңірлердің автономиясын ұлғайтудан бас тартты. Косово 2008 жылы Себриядан бөлініп өз тәуелсіздігін жариялады. Алайда Белград оны танудан бас тартып келеді. Салдарынан Косовоның солтүстігінде жағдай жиі ушығады.
Жозеп Боррель, ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы комиссары:
- Өкіншіке орай, тараптар ортақ келісімге келе алмады. Бұл аймақтағы қарым-қатынастың қайта шиеленісуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан жуық арада келіссөздерді жалғастыру қажет.