Қытайда ел ішін аралауға шыққандар саны артты
Қытайда саяхатшылар легі көбейді. Елде жан-жаққа шыққан жолаушылар саны күрт өскен.
Қазір елде теміржол станциялары мен әуежайлар адамдарға лық толы. Олардың бірі мамыр айының басындағы мерекелерден кейін жұмысқа оралып жатса, бірі пандемиядан кейін жан-жаққа саяхаттап әлек. Соңғы 2 күнде ірі тасжолдарда 31 млн жолаушыға қызмет көрсетілген екен. Мамандар бұл болжамға қарағанда 2 еске көп дейді. Мәселен, Шанхай-Нанкин ірі автомагистарлінде бір тәулікте 120 мың көлік жүрген. Ал мамырдың 2-сі күні елде 16 мыңға жуық әуерейс жүзеге асырылған. 2 млнға жуық адамға қызмет көрсетіліпті. Мамандар биыл әлемге саяхаттайтын турист саны да 2-3 есе көбеюі мүмкін дейді.