Лондон биржасында 2023 жылдың шілдесінде жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы төмендеді.
Бір баррель 73 доллардан төмен. Бұл наурыздың соңынан бері болмаған жағдай. Сарапшылардың айтуынша, қара алтынның арзандауы жанар-жағармайға деген сұранысқа байланысты болып тұр. Сонымен қатар, Иранның мұнай өндірісін қарқындата түсуі де әсер етсе керек.
