Руандада лай көшкіні болды

Руандада толассыз жауыннан кейін басталған су тасқыны мен лай көшкінінен қаза тапқандардың саны 129-ға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрші Конгода 6 адам опат болды. Селдетіп құйған жаңбырдан өзендер арнасынан асып, көп елді мекенді су басты. Қазір апат аудандарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Синоптиктер болса алдағы күндері жаңбыр тағы жауатынын ескертеді. 

Жергілікті тұрғын:

- Тасқын аяқ астынан болды. Үйімізге су тез кірді. Баламды құтқармақ болғанда, тасыған су менің өзімді ағызып әкетті. Әйтеуір шапшаң қимылдап, аман қалдым.