Жапонияда конституцияны өзгертуге қарсы шеру өтті
Жапонияда Конституцияны еске алу күнінде Токиода 25 мың адам жиналып, шеру өткізді.
Олар үкіметтің Ата заңды өзгерту жоспарына өз қарсылығын білдірді. 1947 жылы қабылданған Конституцияға сәйкес, Жапония соғыс жүргізу құқығынан бас тартып, халықаралық дауларды шешу үшін күш қолданбайтын болды. Сондай-ақ тек елді қорғауға қажетті қарулы күштері болып, бұдан артық әскері болмайтынын міндеттеме алған. Алайда соңғы кезде Жапония төңірегінде ахуал ушығып, үкімет Ата заңының бұл баптарын өзгертуді көздеп отыр. Өйткені соңғы жылдары Солтүстік Корея ядролық қаруын сынақтан өткізіп жүр. Қытайдың әскері мен флоты қарқынды дамып келеді.
БЛИЦ
- Кезінде Жапония фашистік мемлекетке айналып, соғыс бастаған еді. Азия елдеріне орасан зор зиян келтірген болатын. Менің ойымша, ешқашан да соғысқа жол бермеуіміз керек.
- Мен қарсымын. Қорғанысқа қаражатты арттыру мен соғысқа дайындалу Жапонияның көрші елдерімен қарым-қатынастарын ушықтырып жібереді.