Армения мен Әзербайжан Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті
АҚШ астанасында, Армения мен Әзербайжан Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті.
Келіссөз барысында тараптар кейбір екіжақты мәселелер бойынша түсіністікке қол жеткізген. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блин-кен мәлімдеді. Оның пікірінше, қос мемлекет көп ұзамай бейбіт келісімге келуі мүмкін.
Айта кетейік, өткен жылдары Армения мен Әзербайжан арасында қарым-қатынас шиеленісіп, соңы, қарулы қақтығысқа ұласқан болатын.