Гватемалада Фуего жанартауы қайта оянды

Гватемалада Фуего жанартауы оянып, жақын елді мекендерден 250 тұрғын эвакуацияланды.

Себебі, 2018-ші жылғы табиғат апатының қайталану қаупі бар. Ол кезде Фуегоның атқылауынан 200-дей адам қаза болып, тағы 200-ден астам тұрғын жоғалып кеткен. Қазір жанартау тек түтіндеп жатыр. Жергілікті билік егер ол қатты атқыласа 100 мың тұрғын жапа шегуі мүмкін деп отыр.  Жанартауға апаратын жолдар жабылып, оны бақылау күшейтілді.