Ұлыбританияда корольдікке қарсы адамдар көп
Таяуда жергілікті халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде “бізге король керек емес” деген пікірлер де айтылды.
Жұрт: «мемлекет, республика атануы керек»,- дейді. Осыған орай, британдық монархия жүйесіне қарсы тұрғындар таяуда, Карл I ескерткішінің жанында ереуіл ұйымдастырмақ. Дәл осы жерден Карл III Тәж кигізу рәсімі аясында, жүріп өтуі тиіс. "Республика" қозғалының басшысы Грэм Смиттің сөзінше: «қазір Ұлыбританияда жастар монархияны қолдамайды, бұл ескі жүйе деп есептейді. Сондай-ақ, Лондонның өзінде шет мемлекеттерден келгендер өте көп. Олар да мемлекет, республика жүйесіне көшкенін қалайды", - дейді.
Грэм Смит, монархияға қарсы “Республика” қозғалысының басшысы:
- Біз таяуда наразылық шарасын ұйымдастырамыз. Кем дегенде 1 мыңға жуық адам жиналады. Монархияны қалдыру маңызды емес деп ойлайтындар бар. Сын көп айтылып жатыр. Биліктегілердің мұны ескергені жөн. Бұрын халық Елизавета 2-нің абыройына кір келтірмеуге тырысатын, қазір жағдай басқа. Бізге Чарльз сияқты патша керек емес.