Ямайка Ұлыбританиядан толықтай бөлінуі мүмкін
Ямайка Ұлыбританиядан толықтай бөлініп, дербес мемлекет құру үшін келер жылы референдум өткізуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы осы елдің Құқық пен конституциялық мәселелер жөніндегі министрі Марлен Форте мәлімдеді. Егер халық ұсынысты қолдаса елде республика құрылмақ. Мәселеге қатысты тұрғындардың көзқарасы әртүрлі. Кейбірі корольдіктің қазіргі мәртебесінің қала бергенін қалайды.
Ямайка 20-шы ғасырдың екінші жартысына дейін Ұлыбританияның бодан-дығында болған. 1962-ші жылы тәуелсіздігін жариялағанмен Британия монархиясы құрамында қалады.