Стокгольмда жасанды интеллект жасаған мүсін көпшілік назарына ұсынылды

Жасанды интеллект жасаған мүсін.

Швецияның Стокгольм қаласында орналасқан ғылым музейінде, көпшілік назарына осындай экспонат ұсынылды. Ол болаттан құйылған. Салмағы жарты тоннадан асады. Мүсінді дайындау кезінде Микеланджело мен Роден секілді тұлғалардың туындылары негізге алыныпты. Мамандардың айтуынша, жұмыс барысында 20-дан астам құрал-сайман қолданылған.