Құс тұмауы тараған британдық арал жабылды
Құс тұмауына байланысты Ұлыбритания билігі Фарнс аралдарын туристер үшін жапты.
Англияның солтүстігінде орналасқан осы шағын аралдарда қырқылдақ, қайра, гага секілді сирек кездесетін қанаттылар ұялайды. Ұлыбритания ұлттық қорының қамқорындағы осы қорықта 200 мыңдай теңіз құсы мекендейді. Өткен жылы құс тұмауының кесірінен 6 мыңнан астамы қырылған болатын. Биыл да рейнджерлер деп аталатын сақшылар осы дерттен өлген бірнеше құсты тапты. Сондықтан, былтырғы жағдайдың қайталануына жол бермес үшін қауіпсіздік шараларын күшейтті. Мұнда келетін жұрт туристтік қайықтардан құстарды тамашалауына болады. Бірақ аралдарға аяқ атамауы тиіс.
Рози Парсонс, Ұлыбритания ұлттық қорының рейнджері:
- Біз құстарды мұқият бақылауға басты көңіл бөлеміз. Оларды мазаламай, күшін тауыспағанын қалаймыз. Сонда бұл ауруға төтеп беру мүмкіндіктері артады.