Ресейдің Орынбор қаласында саябақтағы әткеншек адамдармен құлаған

Ресейдің Орынбор қаласында саябақтағы әткеншек құлап, 15 адам жарақат алды.

Жергілікті дәрігерлер 3 кісінің жағдайын ауыр деп бағалаған. Зардап шеккендердің дені - балалар. Төтенше оқиғаның себебі әзірге белгісіз. Аймақ прокуратурасы тексеріс жүргізіп жатыр.