Корея дипломаттары Астанадағы саябаққа ағаш отырғызды

Биыл Қазақстан мен Корея Республикаларының дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 31 жыл.

Мерейлі датаға орай Корея Елшілігінің ұжымы мен «Койка» қауымдастығының өкілдері ағаш екті. Елордада ораналасқан Жетісу саябағындағы «Достық» бақшасында 31 түп сібір шыршасын отырғызды. Шараға  30-ға жуық адам қатысты. Достық бақшасы, екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында 2017 жылы ашылған болатын.

Ян Се Бёк, Қазақстандағы Корея Елшілігінің саясат жөніндегі мәселелер бөлімінің бірінші хатшысы:

-  Қазақстан мен Корей елдерінің өзара ынтымақтастығы нығайып жатыр. Бүгін біз Қазақстанның көркеюіне үлесімізді қосу үшін осындай іс-шара ұйымдастырып отырмыз.

Ардақ Қожатаева, «Койка» қауымдастығының президенті:

- Біз Қазақстанда осы кәріс елшілігімен жұмыс жасаймыз. Біз барлығымыз осы Кәріс елінің достары деп өзімізді атаймыз. Себебі ынтымақтастығымыз нығайып жатыр. Көптеген біздің жобалар бар. Корея тарапы бізді қолдап тұрады.