Ресейде орман өрті өршіп тұр
Ресейдің Свердлов облысында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған орман өрті себеп. Аймақта қазір аптап ыстық боп тұр. Салдарынан 50-ден аса өрт ошағы тіркелген. Тілсіз жау кесірінен өңірде оқ-дәрі сақталатын 2 қойма өртенген. Жақын маңай тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Абырой болғанда, ешкім жапа шеккен жоқ. Көршілес Тюмень облысында да орман өрті өршіп тұр. Мұнда тілсіз жау ауылдық аймақтарға таяп, бірнеше үй күлге айналды.