Канаданың Альберта провинциясында орман отқа оранды
Осыған байланысты аймақта төтенше жағдай жарияланды.
30 мыңға жуық тұрғын шұғыл қауіпсіз жерге көшірілген. Мамандар 110 орында өрт шыққанын, оның әзірге 74-сі ғана бақылауға алынғанын айтады. Тілсіз жаумен күресу үшін Онтарио және Квебек провинцияларынан қосымша өрт сөндірушілер тобы мен тікұшақтар тартылды. Билік биыл 375 мың гектар аумақты өрт жалмағанын жеткізді.
Даниелле Смит, Альберта провинциясының премьер-министрі:
- Бәрімізге оңай тиіп жатқан жоқ. Жедел әрекет етуіміз керек. Өйткені өрт жылдам таралып жатыр.
Рохел Санчес, Арекипа провинциясының губернаторы:
- Бастапқы есеп бойынша, өрттен 27 адамның қайтыс болғаны белгілі. Құрбандардың туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Прокуратура мен полиция тергеу ісін бастап кетті.